207 матч, 125 гол: Месси Аргентина құрамасымен қоштасты

Аргентина құрамасының капитаны, футбол аңызы Лионель Месси ұлттық құрама сапындағы соңғы матчы алдында жанкүйерлеріне бейнеүндеу жолдады.


07/10/2026
08:29 0

Қоштасу сөзі

 

Футболшы өзіне қолдау көрсеткені үшін жанкүйерлерге алғыс айтып, ұлттық құрамадан өз борышын өтеген адам ретінде кетіп бара жатқанын айтты.

 

Мессидің жанкүйерлерге жолдаған үндеуі adidas Football-дың Instagram парақшасында жарияланды.

«Міне, қоштасар сәт те келді. Мен көңілім тыныш күйде кетіп барамын, қолымнан келгеннің бәрін істедім. Бұл жейде көп жыл бойы менің арманым, мақтанышым әрі өмірім болды. Мені осыншалықты жақсы көргендеріңіз үшін рақмет. Қолдауларыңызға рақмет», – деді Месси.

Мессидің рекордтары мен басты трофейлері

 

Месси ұлттық құрама сапындағы алғашқы ойынын 2005 жылы өткізді. Содан бері ол 207 матчқа қатысып, 125 гол соққан. Бұл – Аргентина құрамасының тарихындағы ең жоғары көрсеткіштер.

 

Шабуылшы ұлттық командамен бірге 2022 жылы әлем чемпионы атанды. Сондай-ақ Америка кубогын екі рет – 2021 және 2024 жылдары жеңіп алды. Бұдан бөлек, 2022 жылы Финалиссиманы да иеленді.

 

2026 жылғы әлем чемпионатында Аргентина Лионель Скалонидің жетекшілігімен финалға дейін жеткеннен кейін Месси ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді.

 

Мессидің соңғы матчы

 

Лионель Месси Аргентина құрамасындағы соңғы матчын Буэнос-Айрестегі «Монументаль» стадионында өткізеді. Қарсылас – Бенин құрамасы.

 

Мессидің соңғы матчы

 

Лионель Месси Аргентина құрамасындағы соңғы матчын бүгін Буэнос-Айрестегі «Монументаль» стадионында өткізді. Қарсылас – Бенин құрамасы.

 

Матч 3:0 есебімен аяқталды. Аргентина құрамасы үш голдың бәрін де екінші таймда соқты.

 

48-минутта Николас Отаменди Мессидің пасынан кейін есеп ашты. Ал 61-минутта Николас Пас алаң иелерінің басымдығын еселеді. Бұл жолы да голға 39 жастағы құрама капитанының пас беруі себеп болды.

 

71-минутта Месси пенальтиден дәл көздеп, өзі де гол соқты. Осылайша матчтың қорытынды есебі 3:0 болды.

 

Осылайша, аргентиналық футбол аңызы ұлттық құрамадағы соңғы матчын гол және екі нәтижелі паспен аяқтады.

 

Поделиться

Нет комментариев.

07/10/2026 08:29
0

Уведомление