20 жылда 800 өлім: ұшу қауіпсіздігіне төнген ең басты қауіп аталды
Израильге бет алған Boeing 737 MAX ұшағындағы оқиға авиациядағы ең үлкен қауіптің бірі ұшқыш кабинасының ішінде болуы мүмкін екенін көрсетті.
Ұшқыштардың қасақана әрекеті
Oxu.Az мәліметінше, 2005 жылдан бері әлемде ұшқыштардың қасақана әрекеттерінен кемінде 800 адам қаза тапқан.
Мұндай қайғылы оқиғалардың қатарында 2014 жылы Malaysia Airlines әуе компаниясы ұшағының жоғалып кетуі, 2022 жылы China Eastern ұшағының апатқа ұшырауы және 2025 жылы Air India ұшағымен болған апат бар.
АҚШ мамандарының тұжырымдарын жергілікті тергеушілер растаған жоқ. Бұл оқиғаларға қатысты түпкілікті есептер де әлі жарияланбаған. Әзірге ұшқыштың әуе кемесін әдейі апатқа ұшыратқаны ресми түрде расталған жалғыз жағдай – 2015 жылы Germanwings ұшағының екінші ұшқышы Airbus лайнерін әдейі тауға бағыттаған оқиға.
Заманауи технологиялар қауіпті азайта ала ма?
Соған қарамастан, соңғы 20 жылда әуе қатынасының қауіпсіздігі жалпы алғанда жақсарған. Ұшулар саны 37 пайызға артса, қаза тапқандар саны 35 пайызға азайған. Сарапшылардың пікірінше, ұшқыштарды даярлау мен заманауи технологиялар қауіптің алдын алуға көмектескенімен, мәселені толық шеше алмайды.
Соңғы мәліметтерге қарағанда, Boeing компаниясында келесі буын жолаушылар ұшағын жобалау кезінде әуе кемесін қасақана апатқа ұшыратудың алдын алу жолдары байыпты талқыланып жатыр.
Germanwings апатынан кейін Еуропада ұшқыштардың психикалық саулығына қатысты мәселелер анықталған жағдайда дәрігерлерге тиісті органдарға хабарлау міндеттелген. Алайда 30 қыркүйекте болған flydubai оқиғасы мұндай шаралардың өзі қауіптің толық алдын ала алмайтынын көрсетті. Бұған дейін ұшуға жіберілмеген ұшқыш қайтадан әуе кемесіне оралып, капитанға балтамен шабуыл жасаған.
09:12
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.