18 жастағы қазақ қызы Dior-дың жаңа топтамасын таныстырды

18 жастағы Аяна Хайдар Париж сән апталығында Dior-дың 2027 жылғы көктем-жаз топтамасының көрсетіліміне қатысты.


30/09/2026
12:38 0

Әйгілі сән үйінің көрсетілімі

 

Қазақстандық модель халықаралық сән сахнасындағы алғашқы қадамдарының бірін әлемге әйгілі сән үйінің подиумынан бастады.

 

Аяна Хайдар Dior көрсетілімінде бірнеше қабаттан тұратын образбен подиумға шықты. Оның киім үлгісіне кең пішінді торлы жакет, жолақты жейде және шифон жапырақтарына ұқсайтын қатпарлы белдемше кірді.

 

Бұл – Dior-дың креатив директоры Джонатан Андерсон ұсынған екінші әйелдер топтамасы. Көрсетілім 29 қыркүйекте Париждегі Тюильри бағында өтті.

 

Андерсон жаңа топтамада мөлдір әрі қатпарлы маталарды, гүлді өрнектерді, жолақ пен тор көзді үйлестірген. Классикалық пішіндегі жакеттер мен пальтолар заманауи детальдармен толықтырылған.

 

 

Аяна шыққан образдан да осы бағыт байқалады: жолақты жейде мен тор көзді жакет бір-бірімен үйлесіп, белдемшенің күрделі пішімі образға ерекше сипат берген.

 

Халықаралық мансапқа бастайтын маңызды қадам

 

Модель үшін әлемге әйгілі сән үйінің көрсетіліміне қатысу – халықаралық мансаптағы елеулі мүмкіндік. Әсіресе Dior сияқты сән индустриясында беделі жоғары брендтің подиумына алғаш рет шығуы Аянаның кәсіби жолындағы маңызды белес деуге болады.

 

Dior-дың 2027 көктем-жаз көрсетіліміне Аянадан бөлек басқа да танымал модельдер қатысты. Шоу барысында Джонатан Андерсон сән үйінің дәстүрлі эстетикасын заманауи шешімдермен ұштастырды.

 

Аяна Хайдардың Париждегі дебюті қазақстандық модельдердің халықаралық подиумдарда көріне бастағанын тағы бір мәрте көрсетті.

 

Поделиться

Нет комментариев.

30/09/2026 12:38
0

Уведомление