1,8 млн қазақстандықтың табысы өседі: олар кімдер
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда ең төменгі жалақыны 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр.
Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында айтты. Мемлекет басшысының айтуынша, ең төменгі жалақының көтерілуі 1,8 миллион қазақстандықтың табысына әсер етеді. Олардың ішінде бюджет саласында жұмыс істейтін 370 мыңнан астам адам бар.
Тоқаев алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін учаскелік қызмет мамандарының жалақысын да көтеруді тапсырды. 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап олардың еңбекақысы үздіксіз еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін өседі. Бұл өзгеріс 77 мыңнан астам маманды қамтиды.
Президент алғашқы медициналық көмекті жаңғырту жұмысы басым бағыттардың бірі болып қала беретінін атап өтті. Ол үшін жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттігін кеңейтіп, денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруды кезең-кезеңімен арттыру қажет.
12:58
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.