Популярные тэги

11 ядролық қаруға жететін қор: АҚШ Иранның уранын басып алуға кіріспек

АҚШ қару жасауға арналған Иран уранын өз бақылауына алу үшін арнайы операция жүргізуге қамданып жатыр, деп хабарлайды Masa media Bloomberg-ке сілтеме жасап.


09/03/2026
12:42 57 0

Болжам бойынша, Иран аумағында қару жасауға келетін 441 келіге жуық байытылған уран бар. Мамандар бұл көлем шамамен 11 ядролық бомба жасауға жететінін айтады.

 

Сондай-ақ, елде байытылу деңгейі төмен 8 мың келіден астам уран қоры сақталған, оны қосымша өңдеу арқылы жоғары деңгейде байытуға болады.

 

Шенеуніктер қазіргі жағдайға қатысты белгісіздік күшейіп отырғанын айтады. Себебі БҰҰ инспекторлары бұл материалдың нақты қай жерде сақталғанына соңғы тоғыз ай бойы тексеру жүргізбеген.

 

Осыған байланысты БҰҰ пен Израиль өкілдері жоғары деңгейде байытылған уранның орналасқан жерін анықтауға білек сыбана кіріскен.

 

Оның нақты орны анықталса, екі ел бірден әрекетке кіріспек. Белгіленген жоспарда қажет болған жағдайда арнайы мақсаттағы күштерді жіберу мүмкіндігі де қарастырылған.

 

Айта кетейік, кеше Иранның Сарапшылар кеңесі елдің жаңа рухани көсемін сайлады. Бүгін елдің мемлекеттік ақпарат құралдары оның есімін жариялады. Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы – марқұм аятолла Әли Хаменеидің ұлы Моджтаба Хаменеи.

 

Фото: AP Photo



Поделиться

Нет комментариев.

09/03/2026 12:42
57 0

Уведомление