Салық

Мемлекет бюджетіне түсетін міндетті төлемдер. Оны азаматтар мен заңды тұлғалар төлейді. 




Салықтан түскен қаражат — республикалық және жергілікті бюджеттің ең маңызды бөлігі. Онсыз мемлекеттің өмір сүруі мүмкін емес.  


Салық халықтан түсетін болғандықтан ол тек азаматтар игілігіне жұмсалуы керек. Мысалы, мектеп, аурухана салуға, адамдардың құқығын қорғауға тиіс полицейлер мен мемқызметкерлердің жалақысына, азаматтардың кей санатына: көпбалалы отбасыларға, табысынан айырылғандарға, мүгедектігі барларға жәрдемақы төлеуге және тағысын тағы.


Салықтың бірнеше түрі бар. Ең негізгілері — тікелей және қосымша. Тікелей салық азаматтардың ресми табысынан алынады. Ал қосымша салыққа қосылған құн салығы (тауар бағасынан түсетін белгілі бір пайыз, бізде ол — 12 %) мен акциз (адамдар денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтіретін тауарларға, мысалы, темекіге салынатын салық) жатады.


 


07/10/2020 12:37 3841 0

07/10/2020
12:37 3841 0

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

Уведомление