Қазақстанда баспа бизнесі ҚҚС-тан босатылады
Бұл туралы депутат Асхат Аймағаметов мәлімдеді.

29/04/2025
20:01
155
0



Автор:
masa.media
Сурет ашық дереккөздерінен
Оның айтуынша, отандық кітаптар мен оларды басып шығару қызметтері енді 16% қосылған құн салығынан (ҚҚС) босатылады. Бұл шешім жұмыс тобының отырысында қабылданған. Оның айтуынша, бұл жай ғана салықты алып тастау емес, рухани маңызы зор қадам.
Аймағамбетов әлемнің көптеген елдерінде кітаптар салықтан босатылып, баспаларға мемлекет тарапынан субсидия берілетінін еске салды.
"Бүгінгі таңда идеялар мен мағыналар үшін күрес жүріп жатқан уақытта кітапқа жасалған қолдау — елдің рухани тәуелсіздігі мен бәсекеге қабілеттілігіне салынған инвестиция", - деп атап өтті депутат.

Нет комментариев.