Женевада АҚШ, Украина, Ресей келіссөздердің үшінші раунды басталады
Украина делегациясы Ресей-Украина қақтығысын реттеу бойынша келіссөздердің кезекті кезеңіне қатысу үшін Женеваға келді.
Бұл туралы мемлекет басшысы Владимир Зеленский мәлімдеді.
«Біздің делегация қазірдің өзінде Женевада, келіссөздерге дайындалуда», - деп жазды ол Telegram-арнасында.
Келіссөздерге Украина делегациясын Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рүстем Умеров бастап барады. Оның айтуынша, Киев келіссөздер аясында қауіпсіздік және гуманитарлық мәселелер бойынша мазмұнды кездесулер өткізуге, сондай-ақ тұрақты әрі лайықты бейбітшілікке қол жеткізуге ниетті.
17-18 ақпанда Женевада өтетін үшінші раундқа АҚШ, Ресей және Украина делегациялары қатысады. Ресей тарапын Владимир Мединский басқарады.
Еске салайық, бұған дейін тараптар екі рет Абу-Дабиде кездескен. Келіссөздердің бүгін басталатын үшінші раунды барысында энергетикалық бітімгершілік мәселесі талқыланатыны хабарланды.
09:27
23
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.