Жаңа Ата Заң: Тоқаев референдум өтетін күнді белгіледі
Қазақстанжа жаңа Конституцияны қабылдауға қатысты республикалық референдум 15 наурызда өтеді, деп хабарлайды Masa media.
Тиісті Жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
«Мемлекет басшысы 2026 жылдың 15 наурызында республикалық референдум өткiзу туралы жарлыққа қол қойды», – делінген Ақорда хабарламасында.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия мүшелерін қабылдаған. Комиссия мүшелері дайын құжатты референдумға шығаруды ұсынған еді.
«Оң бағаланған» құжат
Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұхановтың комиссияның бүгінгі отырысында Конституция жобасының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндері барынша жетілдірілгенін жеткізді.
– Құқықтық нормалардың тұжырымдары нақты беріліп, мазмұны әр азаматқа түсінікті болатындай жазылды. Жоба комиссия мен оның жұмыс топтарының аясында жан-жақты талқыланып, қолдау тапты. Комиссия мүшелерінің қоғам өкілдерімен кездесулері барысында да құжат негізінен оң бағаланды. Жаңа негізгі заңымыз қоғам мен мемлекет игілігіне қызмет етеді деп сенемін, – деді Бақыт Нұрмұханов.
19:28
328
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.