VIP-билет – 2,2 млн теңге: Байқоңырдан ұшатын кезекті кемеге турлар сатылып жатыр
«Роскосмос» Байқоңыр ғарыш айлағында «Прогресс МС-33» кемесін ұшуға дайындауға кірісті.
көрнекі фото: roscosmos.ru
Кеме тексеріліп жатыр
Ғарыш кемесі 2025 жылдың аяғынан бері айлақта сақталып тұрған. «Роскосмос» мәліметінше, инженерлер кеменің техникалық жай-күйін тексеріп жатыр. Ең әуелі, күн батареялары мен борт жүйесіне ерекше көңіл бөлінген.
Байқоңырдан қашан ұшырылады?
Федералдық мекеме «Прогресс МС-33» қашан ұшырылатынын жариялаған жоқ. Алайда ғарыш айлағына турист тартумен айналысатын компания ғарыш кемесінің ұшуын тамашалағысы келетіндерге билет сатуды бастап кеткенге ұқсайды. Ондағы ақпаратқа сүйенсек, жүк көлігі 2026 жылғы 22 наурызда Байқоңырдан ұшырылады.
Тур құны қанша?
Baikonurtour.ru сайтында «Прогресс МС-33» ұшуына куә болғысы келетіндерге төрт түрлі тариф ұсынылған. Ең арзан тур – 60 мың рубль(384 мың теңге) болса, ең қымбаты – 350 мың рубль (2,2 млн теңге) тұрады. Қызметтің барлық түрі енгізілген премиум-тур үш күнге созылатыны нақтыланған.

14:38
81
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.