Украина депутаттары белгісіз кеселге шалдығып, парламент жұмысы тоқтап қалды
12 ақпанда депутаттардың жаппай сырқаттануына байланысты Украина парламентінің жұмысын тоқтатуға тура келген, деп хабарлайды Masa media.
Улану ма, ротавирус па?
Халық қалаулыларының арасындағы белгісіз кесел жайлы депутат Ярослав Железняк мәлімдеді. Оның пікірінше, депутаттар Жоғарғы Рада асханасында тағамнан улануы ықтимал. Алайда Українская Правда басылымының жазуынша, науқастардың бәрі ол жерде тамақтанбаған.
Ондаған депутаттың дене қызуы көтеріліп, әлсіздік, асқазан ауруы байқалған. Мамандар симптомдар елде тараған ротавирустық инфекцияға да ұқсайтынын айтады.
Мамандар тексеріске кірісті
Жоғарғы Рада депутаттарының тамақтан улануы туралы түпкілікті тұжырымдар зертханалық зерттеулер аяқталғаннан кейін ғана жасалмақ.
Парламенттің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, тиісті ақпарат түскеннен кейін мамандар бірден тексеруге кіріскен.
Қазір санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары мән-жайларды анықтау және депутаттардың қандай өнімдерді пайдаланғанын нақтылау үшін сауалнамалар жүргізуде. Зертханалық талдау үшін үлгілер де алынған.
11:15
221
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.