Тәтішевтің туыстары Тоқмадиге сенбейді, Әбілязовтің жазаланғанын күтеді

Ержан Тәтішевтің туыстары Мұратхан Тоқмадиге сенбейді. Мұхтар Әбілязовтің жазаланғанын күтеді


10/03/2022
10:45 36218 0

Фото: КазТАГ

 

Банкир Ержан Тәтішевтің туыстары Мұратхан Тоқмадидің кінәсіз екендігіне сенбейді және Мұхтар Әбілязовтың жазаланғанын күтеді. 

 

—Біз сенбейміз (Тоқмадиге — ред), мен жеке өзім, менің отбасым өлтірген сол деп есептейміз. Менде АҚШ-тың ФБР, CSI сотсараптама мамандарының қорытындылары бар. Олар 99% оқты атқан сол деп отыр және ол оны кездейсоқ емес, қасақана жасаған. Ол оны артында ешкім жоқ кезде істеген. Бұдан бөлек, істе қазақстандық сарапшылардың қорытындысы бар. Онда олар қаруға байланысты алғашқы экспертизада манипуляция бар екенін анықтаған. Алғашқы сараптаманы жасаған мамандар пара алғандарын мойындаған, — дейді Ержан Тәтішевтің ортаншы бауыры Еркін Тәтішев. 

 

Ержан Тәтішев 2004 жылы 19 желтоқсанда қайтыс болған. Аталмыш іс бойынша кәсіпкер Мұратхан Тоқмади кінәлі деп танылып, 10,5 жылға бас бостандығынан айырылған. Ал қуғындағы оппозициялық саясаткер Мұхтар Әбілязов тапсырыс беруші деп аталған. 

 

Кеше КазТАГ басылымы Мұратхан Тоқмадидің президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына жазған хатын жариялаған. Онда Тоқмади өзінің кінәсіз екенін, Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарып тұрғанда қысым көріп, азапталғанын жазған.  

Поделиться

Нет комментариев.

10/03/2022 10:45
36218 0

Уведомление