Шетелдегі пәтерлер, Швейцария банкіндегі есепшот және оффшордан қалған іздер: тергеуші журналистер Тоқаевтың қандай байлығын анықтады

Әлемнің 47 медиа журналисі Швейцарияның ең ірі Credit Suisse Банкінің шоттары туралы мәліметтерге қол жеткізді


22/02/2022
13:25 4111 0

Әлемнің 47 медиа журналисі Швейцарияның ең ірі Credit Suisse Банкінің шоттары туралы мәліметтерге қол жеткізді.

 

Белгісіз дерек көзі аталмыш ақпараттарды әртүрлі елдегі серіктестерімен бөліскен Süddeutsche Zeitung неміс газетіне берді.

 

Жайылып кеткен деректер 1940 жылдардан бастап 2010 жылдардың ортасына дейін ашылған 18 мыңнан астам шоттар туралы ақпаратты қамтиды. Жалпы алғанда, бұл шоттарда жүз миллиард доллардан астам қаражат болған. Сонымен бірге журналистер Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шетелдік құпиялары туралы мәліметтерді тапты.

 

1998 жылдан бері Қазақстан халқының жартысына жуығы кедейлік күндерді кешкен уақытта Тоқаевтың жанұясы Еуропада жасырын байлыққа ие болғаны белгілі болды.

 

Credit Suisse-дан жайылған деректерге сәйкес, 1998 жылы банкте Тоқаевтың әйелі Надежда мен сол кезде Женевадағы қымбат мектеп-интернатта оқыған олардың 14 жасар ұлы Тимурға арнайы есепшот ашылған.

 

Бұл шотта қанша қаражат болғаны белгісіз. Жайылған деректер максималды мән 2005 жылы тіркелгенін көрсетеді, бұл – 1,5 миллион швейцар франкі (шамамен 1 миллион доллар).

 

2012 жылы банктегі шот жабылады. Осыдан кейін Тоқаев Швейцарияда жеке шоттары бар Британдық Виргин аралдарында оффшорлық компаниялар ашты. Бұл фирмалар Ұлыбританиядағы компанияны бақылау үшін пайдаланылды, оның активтері 2014 жылы 5 миллион долларға жетті. Олар әр жыл сайын Мәскеу мен Женевада кем дегенде 7,7 миллион доллар тұратын мүлік сатып алған.

 

Сол жылдары Тоқаев жоғары мемлекеттік лауазымдарды, соның ішінде Сыртқы істер министрі, премьер-Министр және Сенат спикері лауазымдарын атқарған болатын.

 

Тимур Тоқаев Женевадағы ең қымбат мектеп-интернаттардың бірі College du Leman-да білім алып, Женевада АҚШ-та аккредиттелген Webster University дипломына ие болды.

 


Тимур Тоқаев, yyedilov / Telegram

 

Тимур мұнай кен орнын игеру бойынша тиімді құқыққа қол жеткізіп, кейіннен миллиондаған пайда тапқан мұнай компаниясының бірлескен иесі атанды. Ол кезде жасы небәрі 18-де еді.

 

Сондай-ақ Тимурдың атына Женева мен оның маңынан үш пәтер сатып алынған.

 

Тимур мен Надежда Мәскеуде бірнеше қымбат пәтерлерге ие болды. Бір қызығы, Алексей Навальныйдың тергеуіне сәйкес (қазір түрмеде), Ресей үкіметі жылжымайтын мүлік тізілімінде олар туралы барлық мәліметті өшіріп тастаған.

 


Графика: Edin Pasovic / Google Earth

 

Сол уақыттан бері кейбір жылжымайтын мүлік сатылды, бірақ Fusion Park элиталық тұрғын үй кешеніндегі пәтер және Кремльден екі шақырым жерде екі деңгейлі пәтер қалады. Тоқаевтың бұрынғы әйелі де қаланың солтүстік-шығысындағы тағы бір пәтерде тіркелгені анықталды.

 

2012 жылы Credit Suisse банкіндегі Тоқаевтардың шоты жабылған кезде, аталған отбасы Британ Виргин аралдарында екі оффшорлық компания құрды: Тоқаевтың бұрынғы әйеліне тиесілі – Wishing Well Group Inc және ұлы Тимурге тиесілі – Wisdom Invest & Finance Inc.

 

Бұл фирмалардың жалғыз айқын қызметі Ұлыбританиядағы компанияны иелену болды – Edelweiss Resources LLP. Оған қоса деректер осы оффшорлық компаниялардың әрқайсысының Швейцария банкінде жеке шоты бар екенін көрсетеді.

 

Edelweiss тек қысқартылған қаржылық есепті ұсынды әрі бұл компанияның қызметі туралы мәлімет аз. Бірақ 2014 жылдың наурыз айындағы соңғы есеп оның банкте $4 миллион қолма-қол ақшасы және сол кезде шамамен $1 миллион инвестиция болғанын көрсетеді.

 

2014 жылдың жазында Тоқаевтың отбасы инвестицияларын жасыру үшін тағы бір әрекетке барды.

 

Олардың компаниялар ісімен айналысатын кипрлік тіркеу агенті Британдық Виргин аралдарындағы кеңселерінен номиналды акционерлер немесе делдалдарды компаниялардың иелері етіп тағайындауды сұрап, Тоқаевтар туралы атауды иеліктен алып тастады.

 

Сұраныс электрондық поштамен келді. Сол кезден бастап Тоқаевтардың барлық үш компаниясы жұмысын тоқтатты.

 

Қазақстандық мемлекеттік қызметкерлер заң бойынша өз декларацияларын ашық түрде жариялауға міндетті емес, осыған орай, Тоқаевтардың миллиондаған қайнар көзін құпия ретінде қалдырады. Сондай-ақ отбасы түсініктеме беру туралы сұрауларға әлі жауап бермеді.

Поделиться

Нет комментариев.

22/02/2022 13:25
4111 0

Уведомление