Полицияның прокуратурадан айырмашылығы неде?

Екеуі де заңдардың орындалуын қадағалап, азаматтардың қауіпсіздігіне жауап береді. Десе де олардың бір-бірінен айырмашылығы бар.




Ішкі істер органдары (полиция) адамдардың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен еркіндігін қорғау, қоғамда тәртіп сақтау үшін құрылған. 

 

Прокуратура елде заңдардың сақталуын қадағалайды. Сотта мемлекет мүддесін қорғап, оның атынан қылмыстық іс қозғап, жүргізеді.

 

Полиция — атқарушы билік органы, президент пен ішкі істер министрілігіне бағынады. Ал прокуратура ешбір билікке жатпайды, ол полицейлер мен биліктегілердің құқық бұзушылықтарын анықтайды. Аудандық, облыстық және қалалық прокуратуралар Бас прокуратураға бағынады, ал бұл орган тек президентке есеп береді. 

 

Полицияға адамдар түрлі мәселе бойынша бара алады: кішігірім ұрлық, адам өлтіру. Полицейлер қылмыстарды зерттеп, дәләл жинайды. 

 

Прокурор өзі немесе азаматтардың шағымынан кейін құқық бұзушылықты анықтап, сотқа тапсырады. Сонымен қатар ол мемлекет атынан сот отырыстарына қатысып, мемлекеттік айыптаушы бола алады.

 


09/09/2020 14:56 6205 0

09/09/2020
14:56 6205 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление