Популярные тэги

«Мишабай, қуантып қойдың»: Димаш Құдайберген Шайдоровқа көлік мінгізеді

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген Қысқы Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты жеңісімен құттықтады.


14/02/2026
22:23 165 0

Өнер иесі спортшыға жүрекжарды лебізін желідегі парақшасында видео арқылы білдірді.

 «Мишабай, бауырым! Олимпиада алтыны құтты болсын! Құрметті ағайын, не деген мереке! Не деген той! Мұз үстіндегі қимылың, өнерің дүйім жұртқа шабыт, рух сыйлаған үлкен азаматқа айналдың. Еліміздің саңлағы, менің досым, өзіңнің ағаң, өкінішке орай, халқымыздың маңдайына сыймай кеткен асыл перзенті Денисімізді жоқтатпадың. Ағаңның, халқымыздың алдыңдағы борышыңды жоғары деңгейде өтедің», – деді Димаш.

Шайдоровтың әлем жанкүйерлері алдында өнер көрсету үшін Димаштың орындауындағы Confessa, the Diva Dance композициясын таңдағаны әншіні марқайтқан.

 

«Қуантып қойдың, көп рахмет! Осы орайда саған темір тұлпар сыйлаймын. Аз да болса, көптей көр. Машина менің мойнымда», – деген Димаш чемпионға көлік сыйлайтынын айтты.

 

Еске салайық, бүгін Михаил Шайдоров Қысқы Олимпиадада мәнерлеп сырғанаудан ел қоржынына тарихи алтын салды. Президент Тоқаев оны «Барыс» орденімен марапаттады.

Поделиться

Нет комментариев.

14/02/2026 22:23
165 0

Уведомление