Мектептегі буллинг: Қазақстанда балаларды бақылау тәртібі өзгереді
21 қарашадан бастап Қазақстанда балаларды есепке алу және буллингтің алдын алу тәртібі өзгереді.
Алматы қаласының Бала құқықтарын қорғау басқармасы жаңа талаптардың мән-жайын түсіндірді.
Енді елде 0-ден 18 жасқа дейінгі балалардың бірыңғай дерекқоры жүргізіледі. Оған мектеп оқушылары, балабақша тәрбиеленушілері, біліммен қамтылмаған балалар және сабаққа себепсіз жиі келмейтін оқушылар туралы мәліметтер енгізіледі.
Ведомствоның хабарлауынша, сабақтан жүйелі түрде қалу деректері ай сайын полициямен келісіліп, әр айдың 10-ына дейін Ұлттық білім беру дерекқорына тіркеледі.
Буллингке қатысты шағымдар да назардан тыс қалмайды. Қорлау мен әлімжеттік туралы түскен ақпарат білім басқармаларында бір жұмыс күні ішінде тіркелуі тиіс. Сондай-ақ мектептер зардап шеккен балаларға психологиялық қолдау көрсетуге міндеттеледі.
Айта кетейік, бұған дейін Павлодар тұрғыны 10 жастағы ұлының жейдесіне сыныптастары балағат сөз жазып кеткенін айтқан. Әйел полиция департаменті мен білім бөліміне жүгінгенімен, олар бұл жағдайдан мәселе көрмей, оны буллинг ретінде бағаламағанын жеткізген.
Ал Оралда сыныптастарының әлімжеттігіне шағымданған оқушы сабақтан жиі қалғаны үшін арнайы мектепке жіберілмек болған. Қыз полицияға бірнеше рет қатарластарының өзіне қысым көрсететінін айтқан. Соның салдарынан ол мектепке барудан қашқақтаған.
10:40
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.