Құлсарыда оқушыларға балта ала жүгірген жасөспірімнің анасы халыққа жүгінді
Құлсары мектебіндегі балта ала жүгірген жасөспірім Мейіржан Ұзақбайдың анасы әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарға жүгінді, деп хабарлайды Masa media.
Мәншүк Жиембетованың айтуынша, оқиға болған күні ұлы сабақта сабақта бейғам отырған. Кенет басқа сыныптан төрт жасөспірім келіп, оны дәретханаға шақырған.
«Төрт бала менің ұлыма дәретханаға жүр деген. Төртеуіне әлі келмейтін болған соң осындай қадамға барған», – дейді жасөспірімнің анасы.
Әйелдің сөзінше, өткен жылдың күзінде ұлы құрдастарының үнемі қысымына байланысты оны басқа мектепке ауыстыруды сұраған. Алайда ата-анасы осы мектепте соңғы жыл оқуды өтінген. Жасөспірім түзетілмейтін нәрсе болуы мүмкін.
«Мама, басқа мектепке ауысайыншы» деді. «Балам, бір-ақ жыл қалды. Осы мектепті абыроймен бітіріп шық» дедім. Сабақтан қалдырмауға тырысам. Бірақ балам сабаққа барғысы келмейді. «Сабаққа бар дейсіз, бір күні басқаша жағдайда келсем не болады?» деген сөзі есімнен кетпейді», – деп көзіне жас алды Мәншүк Жиембетова.
Жасөспірімнің анасы баласының ақыл-есінде кемістік жоғын, осы күнге дейін ешкімге зиянын тигізбегенін атап өтті. Оның қатты ызалануына дәретханаға шақырған төрт бала кінәлі дейді. Сондықтан тек Мейіржанды емес, оларды да жауапқа тарту керек деп есептейді.
Әйел мектеп директорын жазаламауды өтінді. Айтуынша, оқиға әкімшіліктің кінәсінен болған жоқ.
Еске салайық, жуырда әлеуметтік желіде Құлсары мектебінің дәлізінде балта ұстап жүгірген жасөспірімнің видеосы тарады. Қоғамдағы резонанстан кейін мектеп директоры қызметінен кетті. Ал облыстық білім басқармасы оқиғаға қатысты тексеру жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
11:05
330
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.