Популярные тэги

Ирандағы халық көтерілісі: қаза тапқандар саны қанша

Иран билігі жаппай наразылықтар кезінде қаза тапқандардың санын мәлім етті.


18/01/2026
19:24 95 0

фото: bloomberg.com

 

Шенеуніктің дерегі

 

Reuters агенттігінің хабарлауынша, үкімет өкілдерінің бірі қақтығыстардан кемі 5000 адамның қаза тапқанын мәлімдеген. Оның айтуынша, қаза тапқандардың арасында күш құрылымдарының 500-ге жуық қызметкері бар. Шенеунік «жазықсыз ирандықтардың» өліміне жауапкершілікті «террористер мен қарулы бүлікшілерге» жүктеді. Билік өкілі сондай-ақ наразылықтар «Израиль мен шетелдегі қарулы топтарды» қолдады  деп мәлімдеді.

 

Америкалық ұйым дерегі

 

Иранда қаза тапқандардың нақты статистикасы белгісіз болғандықтан ақпарат құралдарында түрлі долбар көп. АҚШ-тың HRANA ұйымы бір күн бұрын 3308 адам қайтыс болғанын хабарлады, тағы 4382 өлім тексеріліп жатқанын атап өтті. Онда 24 мыңнан астам ұсталым расталғаны туралы мәлімделді.  Норвегияда орналасқан күрд-Иран hengaw құқық қорғау тобы бұған дейін ең қатал қақтығыстар Иранның күрд аймақтарында болғанын атап өткен болатын.

 

Ирандағы наразылық

 

Ирандағы толқулар 2025 жылғы 28 желтоқсанда басталған. Халық ұлттық валютаның құнсызданып, бағаның көтерілуіне наразылық білдіруде. Жыл аяғында 1 доллар құны 1,42 млн риалға жеткен. Алғашында акциялар бағаның өсуіне байланысты басталғанымен, көп ұзамай саяси сипат алып, үкіметке қарсы кең ауқымды наразылықтарға, қантөгіске ұласты.

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

18/01/2026 19:24
95 0

Уведомление