Иран мектебіне шабуыл: WP дереккөзі жазықсыз балалар неге өлтірілгенін айтты
The Washington Post газетінің дереккөздері АҚШ Иранның Минаб қаласындағы мектепке соққы жасауының себебін айтты, деп хабарлайды Masa media.
АҚШ тізіміндегі нысан
Басылым дереккөздерінің мәліметінше, АҚШ пен Израильдің ауқымды әуе операциясы кезінде балалар қаза тапқан ирандық бастауыш мектептің ғимараты АҚШ соққы жасауға белгілеген нысандар тізімінде болған. Алайда ол қателікпен әскери нысан ретінде танылуы мүмкін. Мұндай болжамды жағдайдан хабардар бірнеше дереккөз айтқан.
Минаб мектебіне шабуыл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысы басталған алғашқы сағаттарда жасалған. Сол сәтте ата-аналар балаларын қауіпсіз жерге алып кету үшін екі қабатты мектеп ғимаратына асығып барған. Иранның мемлекеттік БАҚ-тарының дерегінше, шабуыл салдарынан кемінде 175 адам көз жұмған, олардың көпшілігі – балалар.
Ғимараттың не себепті нысанаға алынғаны әлі де нақты анықталған жоқ. Дегенмен жағдайға қанық дереккөздердің бірі ғимарат зауыт ретінде анықталып, соққы жасауға рұқсат етілген нысандардың қатарына енгізілгенін айтқан.
Зауыт па, қойма ма?
Тағы бір дереккөздің сөзінше, сол маңда қару-жарақ қоймасы да болған. Бірақ АҚШ мектепті әдейі атқылады ма, әлде америкалық шенеуніктерге қате ақпарат беріліп, ғимаратты қару қоймасы деп ойлады ма – ол жағы белгісіз.
«Бастапқыда бұл нысанның соққы жасалатын тізімге қалай енгені жөнінде біраз түсініксіздік болған», – дейді тағы бір дереккөз.
Израиль бұл шабуылға қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Ал екі израильдік шенеунік The Washington Post басылымына бұл соққы жасалар алдында Израиль қорғаныс армиясымен (ЦАХАЛ) тексерілмегенін және талқыланбағанын жеткізген.
фото: Getty Images
13:54
36
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.