Популярные тэги

Индиан-Уэллс турнирі: ширек финалға шыққаны үшін Рыбакинаға қанша төленеді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2026 жылғы Indian Wells Open турнирінің ширек финалына шығу арқылы қанша табыс тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды Masa media.


12/03/2026
12:35 44 0

Sports.kz-тің жазуынша, теннисшіге шамамен 200 мың доллар төленеді. 

 

1/8 финалда Рыбакина британ спортшысы Сонай Карталды жеңді. Басылым мәліметінше, ширек финалға шыққаны үшін Рыбакинаға 193 645 доллар (шамамен 95,4 млн теңге) және 215 рейтингтік ұпай кепілдендірілді.

 

Айта кетейік, Қазақстанның бірінші ракетаcы американ спортшысы Хейли Баптист пен украин теннисші Марта Костюкты жеңген болатын.

 

Жалпы, биылғы жылы Индиан-Уэллс турнирінің жүлде қоры 9 415 725 долларды құрайды. Жеңімпаз 1 511 380 доллар табысқа ие болып, 1000 рейтингтік ұпай алады.

 

Сонымен қатар, ширек финалда Рыбакина әлемдік рейтингте бесінші орында тұрған америкалық Джессика Пегуламен кездеседі.

Поделиться

Нет комментариев.

12/03/2026 12:35
44 0

Уведомление