Популярные тэги

Елден қашып кеткен экс-шенеунік Испанияда ұсталды

Испанияның Барселона қаласынан Қазақстан азаматы экстрадцияланды. Ол – бұрын кеден органдарында қызмет атқарып, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген экс-шенеунік.


24/01/2026
12:18 44 0

Мемлекетке 45 млн теңге шығын

 

Бас прокуратура мен ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мәліметінше, күдікті 2020 жылы кеденде қызмет ете жүріп, ақпараттық жүйеге жалған дерек енгізген. Соның салдарынан сегіз шетелдік автокөлік иесі заңсыз түрде кеден баж салығын төлеуден босатылған. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 45 миллион теңгеден асқан.

 

Күдікті үш жылдан астам уақыт бойы тергеу органдарынан бой тасалап, халықаралық іздеуде жүрген. Кейін Испания аумағында ұсталып, Қазақстанның Испаниядағы елшілігінің көмегімен елге жеткізілді.

 

Қанша жылға сотталуы мүмкін?

 

Қазір ол Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды. Тергеу дерегіне сәйкес, оған тағылған айыптар бойынша жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу және өмір бойына белгілі бір қызметтерді атқару құқығынан айыру жазасы қарастырылған.

Поделиться

Нет комментариев.

24/01/2026 12:18
44 0

Уведомление