Чемпиондық белбеуінен айырылған Әлімханұлын не күтіп тұр?
Допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін International Boxing Federation (IBF) нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағынан айырылған Жәнібек Әлімханұлын бірқатар қатаң талаптар күтіп тұр, деп хабарлайды Masa media.
Sports.kz-тің жазуынша, World Boxing Organization (WBO) ұйымы Әлімханұлына кемінде бір жыл бойы өздері ұйымдастыратын жекпе-жектерге қатысуға шектеу қойды. Алайда бұл тыйым тек чемпиондық белбеу үшін өтетін және міндетті үміткерді анықтайтын жекпе-жектерге қатысты. Себебі мұндай ұйымдардың боксшыны өз құзыретінен тыс жарыстардан толық шеттетуге құқығы жоқ.
Қазақстандық спортшының қолында тек WBO чемпиондық белбеуі қалды. Бұған қоса, спорттық мәртебесін қайта қалпына келтіру үшін ол өз қаражаты есебінен жарыстан тыс тұрақты допинг-тексерулерден өтіп, нәтижелері таза екенін дәлелдеуі керек.
Егер Әлімханұлы орта салмақта (160 фунтқа дейін) қалып, WBO белбеуін сақтап қалса, оның келесі міндетті қарсыласы 4 сәуірде өтетін аралық чемпиондық жекпе-жектен кейін белгілі болады. Бұл кездесуде Дензел Бентли и Эндри Сааведра күш сынасады.
Еске салайық, Әлімханұлының допинг-тесті оң нәтиже көрсеткендіктен, АҚШ-та 7 желтоқсанға жоспарланған біріктіру жекпе-жегі өтпей қалды. Ол жекпе-жекте кубалық боксшы Эрисланди Ларамен үш чемпиондық белбеу үшін кездесуі тиіс еді. Тесті Voluntary Anti-Doping Association (VADA) жүргізген.
Сондай-ақ беделді The Ring журналы қазақстандық боксшыны өз рейтингінен алып тастағанын мәлімдеді.
фото: sports.kz
08:02
27
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.