«Бүгінгі күннің батыры»: қостанайлық дәрігер боранда шалғайдағы науқастарға жаяу жеткен
Қостанай облысында ақтүтек боранда науқастарға көмек көрсету үшін шалғай елді мекендерге жаяу жеткен дәрігерлердің өз ісіне адалдығы желі қолданушыларын тәнті етті, деп хабарлайды Masa media.
Ақтүтек борандағы әбігер
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, облыстың жедел жәрдем қызметі соңғы екі тәулік ішінде 2000 шақыру қабылдап, әртүрлі науқастарға көмек көрсеткен. Ақ халаттылар шалғайдағы ауылдарға да, әртүрлі станцияларға да, тіпті, жол мүлде жабық болған елді мекендерге барып, сырқаттанған жандарға ем-дом жасаған.
«Соның ішінде, дәрігерлер талма ауруы бар адамға, әртүрлі жарақат алған науқастарға, тіпті, миына қан шапқан адамдарға шұғыл жетіп, ТЖМ қызметкерлерімен бірге оларды эвакуациялады», - дейді министрліктегілер.
Кейбір жағдайларда Төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы техникасы қар құрсауын еңсере алмаған кезде, фельдшерлер боран жағдайында жаяу жүріп, науқастарға дер кезінде медициналық көмек көрсетуге асыққан.
Шенеуніктер мен халықтың алғысы
Министрлік өзі ісіне адал сондай қызметкерлердің бірінің видеосын жүктеп, ақ халаттылардың еңбегіне алғыс айтты.
Фельдшердің жауапкершілігі мен табандылығына тәнті болған желі қолданушылары да дәрігерлерге алғыстарын жеткізіп жатыр.
«Неткен батылдық! Неткен ерлік! Жалақысын көтеріп, сыйақы беруге лайық адамдар – осылар. Құтқарушылар мен жедел жәрдем қызметіндегі дәрігерлер – нағыз қаһарман жандар», «Бүгінгі күннің батыры! Баға жетпес мамандық! Мұндай дәрігерлер құрметке әбден лайық!» деп жазды қазақстандықтар.
16:33
27
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.