Байқоңырда Путин мен Ресей әскерін қолдау акциясы өтті

Байқоңырда Ресей президенті мен әскерін қолдау акциясы өтті


10/03/2022
11:55 36172 0

Наурыздың 9-ы күні Байқоңыр қаласы мен космодромында «Ресей Федерациясының қарулы күштері мен президенті Владимир Путинді қолдау шарасы өтті». Бұл жөнінде «Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозин өзінің твиттер парақшасында жазды.  

 

— Бүгін таңертең Байқоңыр қаласы мен космодромында РФ президенті В.В. Путинді және Ресей қарулы күштерін қолдау акциясы өтуде. Оны қала әкімшілігі, «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері, «Байқоңырдың болашағы» жастар қозғалысы активі ұйымдастырды, — деді Рогозин жазбасында

 

 

Бұдан бөлек, ол жазбасында адамдар мен автокөліктер колоннасының Z және V әріптерін бейнелеген фотосуретін жариялады. 

 

Бұл белгілерді Украинада соғысып жатқан Ресей әскері қолдануда. Z — «жеңіс үшін», V — «күш жеңісте» деген мағынаны білдіреді. Қазақстан билігі Z белгісін таққан автокөлік иелеріне айыппұл салуда. Ақорданың Украинадағы соғысқа байланысты ресми ұстанымы — бейтараптық.

 

Байқоңыр космодромын Ресей Федерациясы Қазақстаннан 2050 жылға дейін жалға алған. «Роскосмос» ғарыш айлағын пайдаланғаны үшін жылына 115 миллион доллар төлейді. 

Поделиться

Нет комментариев.

10/03/2022 11:55
36172 0

Уведомление