БАҚ қанша пайыз ҚҚС төлейді: газеттер 0%, тв мен сайттар 10%?
Депутат БАҚ-ты ҚҚС төлеуден босатуды ұсынды

Сурет ашық дерекөздерден
Бүгін Мәжілісте Салық кодексі талқыланған кезде газеттер мен журналдарды қосылған құн салығынан босату ұсынылды. Ал теледидар, радио және интернет-ресурстар үшін ҚҚС мөлшерлемесін 10% деңгейінде сақтау мәселесі көтерілді.
«Мен отандық баспа басылымдарын қосылған құн салығынан толық босатуды немесе олар үшін 0% мөлшерлеме белгілеуді ұсынамын. Ал ресми тіркелген отандық телеарналар, радиостанциялар мен интернет-ресурстар үшін ҚҚС 10% деңгейінде қалсын», — деді депутат Нартай Сарсенғалиев.
Бұған жауап ретінде Экономика министрі Серік Жұманғарин ешқандай жеңілдік қарастырылмайтынын айтты. Оның айтуынша, ай сайынғы табысы 40 млн теңгеден аспайтын БАҚ онсыз да ҚҚС төлемейді.
Серік Жұманғарин ҚҚС мөлшерлемесі 16% деңгейінде қалатынын және бұл бойынша өзгерістер болмайтынын нақты айтты. Сонымен қатар, ҚҚС міндетті түрде төлеу үшін шекті мөлшер 40 млн теңге көлемінде белгіленеді. Яғни, егер компанияның жылдық айналымы осы сомадан асса, ол ҚҚС төлеуге міндетті болады.
Сондай-ақ, шетелдік БАҚ Қазақстанда жұмыс істесе, олар да ҚҚС төлеуге тиіс болады.
Кодекс әлі талқыланып жатыр.

Нет комментариев.