ҚазҰУ-дағы екі студенттің өлімі: оқу орнында кешенді тексеріс жүргізіледі

Мамандар оқу орнында студенттердің қауіпсіздігі қалай бақыланатынын анықтайды.


17/11/2026
16:15 0

Ғылым және жоғары білім министрлігі әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде кешенді тексеріс жүргізеді. Оқу орнына арнайы топ жіберіледі. Тексерушілер университетте қауіпсіздік талаптарының сақталуын және қауіпті жағдайлардың алдын алу үшін студенттермен жүргізілетін жұмыстың тиімділігін бағалайды. Министрлік университет басшылығының білім алушылардың мәселелеріне қалай жауап беретінін де тексеретінін мәлімдеді. 

– Қақтығыстарды анықтау және олардың алдын алу, студенттердің өтініштеріне уақтылы жауап беру, сондай-ақ оларға психологиялық көмек көрсету тетіктеріне ерекше назар аударылады, – деп мәлімдеді ведомство.

 

Тексеріс қорытындысы бойынша министрлік студенттердің қауіпсіздігін күшейту үшін қандай өзгерістер қажет екенін анықтамақ.

 

Еске салайық, 16 қарашада ҚазҰУ жатақханасында бірінші курс студенті Дауыл Бәкіртай қаза тапты. Қылмыстық іс бойынша бір күдікті ұсталды. Марқұмның туыстары жатақханада әлімжеттік болғанын мәлімдеді.

 

Қайғылы оқиғадан кейін университет проректоры мен факультет деканы қызметінен босатылды. Жатақханада кезекшілік атқарған қызметкерлер жұмыстан шеттетілді.

Поделиться

Нет комментариев.

17/11/2026 16:15
0

Уведомление