Популярные тэги

Қазақстанда халықты банк арқылы тонаудың жаңа схемасы пайда болды

Мәжіліс депутаты қазақстандықтарға Мұрат Әбенов банктер арқылы жасалатын алаяқтықтың жаңа түрі жайлы айтып, дабыл қақты.


17/02/2026
12:08 26 0

көрнекі фото: Halyk Bank

 

Миллиондаған қарызға батқандар

 

Депутаттың мәліметінше, небәрі 5–6 айдың ішінде 10 мыңнан астам адам жаңа қаржылық схема арқылы  900 мыңнан 2 миллион теңгеге дейін қарызға батқан. Әңгіме «онлайн дүкен» арқылы рәсімделетін күмәнді төлемдер жайында болып отыр. Яғни азаматтар несие алдық деп ойламайды, алайда банк жүйесі арқылы жоғары пайызбен екі жылға дейін берешегін өтеуге мәжбүр болады.

 

Схема қалай жұмыс істейді?

 

Әбеновтың түсіндіруінше, әуелі азаматтарға белгілі бір «қызмет» ұсынылады (мысалы, оқу орталығында дайындық курстары). Төлем «онлайн дүкен» форматы арқылы рәсімделеді де қызмет көрсетушіге қаражат алдын ала аударылады. Ал тұтынушы банк алдында 1,5–2 жыл мерзімге бөліп төлеу міндеттемесіне кіреді. Адамға нақты тауар берілмейді, кей жағдайда қызмет те көрсетілмейді. Бірақ жүйе оны «рассрочка» немесе бөліп төлеу ретінде рәсімдеп, азаматты ресми қарыз алушыға айналдырады.

 

ҰБТ-ға дайындаламыз деп алданғандар

 

Мұндай схема арқылы шамамен 5 мың адам зардап шеккен. Кейбір деректерге қарағанда, ата-аналар балаларын ҰБТ-ға дайындау үшін белгілі бір оқу орталығына тіркелеміз деп, 900 мыңнан 2 миллион теңгеге дейінгі соманы «бөліп төлеу» шартымен рәсімдеген. Алайда қызмет толық көрсетілмеген немесе мүлде орындалмаған жағдайлар бар. Соған қарамастан, банк алдындағы қарыз міндеттемесі сақталады.

 

Депутаттың пікірінше, бұл –  «таза алаяқтық схема».

 

Әбеновтың уәдесі

 

Мәжілісмен бұл схеманы заңнамалық тұрғыда тоқтату жұмыстары басталғанын мәлімдеді.  Ол бұл жұмыс нәтижелі боларына сенімді. Алайда 2-3 ай уақыт кетенінін ескертіп, азаматтарды сақ болуға шақырды.

Поделиться

Нет комментариев.

17/02/2026 12:08
26 0

Уведомление