Қазақстанда бір жылда 124 мың неке, 61 мың ажырасу дерегі тіркелген
Әділет министрі 2024 жылғы статистиканы келтірді.
15:53
10301
0
Сурет ашық дереккөздерінен
"Жыл басында орындауда 283 мың құжат болды, оның 12 835 немесе 4% пайызы бойынша алимент төленбейді. Оларға қатысты мәжбүрлеп орындату шаралары қолданылады. Негізгі проблемалар тұрақты табыстың, мүліктің болмауы, ал кейбір жағдайларда табыстарды қасақана жасыру болып қала береді", -дейді Әділет министрі Ерлан Сәрсенбаев
2020 ж.- 1 559, 2021 ж.- 2 224, 2022 ж. - 2 150, 2023 ж. - 4238 және 2024 жылы 6 232 жұмыссыз борышкер жұмысқа орналастырылған.
Борышкерлерге қатысты қолданылатын ең қатаң шаралар — әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік. Биыл 4 642 адам әкімшілік жауапқа тартылса, 391 борышкер сотталған. Алайда министр бұл шаралар алимент төлемеу мәселесін түбегейлі шешпейтінін атап өтті.
"Балаларын асырауға ниеттің болмауы, алимент төлеуден жалтару отбасылық-неке қатынастары дағдарысының салдары. Бұған дәлел, өткен жылы тіркелген 61080 ажырасу көрсеткіші, неке қию санының (124 774) жартысына жуығын құрады", - деді министр.
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.