АҚШ журналистер мен студенттерге виза беру ережесін қатаңдатпайтын болды

АҚШ-та БАҚ өкілдері мен студенттерге виза беру тәртібін қатаңдататын жаңа ережелер әзірге күшіне енбейтін болды.


15/09/2026
10:02 0

Жаңа нормалар

 

Ұсынылған өзгерістерге сәйкес, шетелдік студенттердің АҚШ-та болу мерзімі оқу бағдарламасының ұзақтығына қарамастан төрт жылмен шектелуі тиіс еді.

 

Ал журналистер үшін елде болудың ең ұзақ мерзімі бес жылдан 240 күнге дейін қысқартылмақ болған. Қытайлық БАҚ өкілдеріне бұл мерзім 90 күнге дейін белгіленуі керек еді.

 

Университеттерді, оқытушыларды және медиа ұйымдарды біріктірген коалиция жаңа талаптарға қарсы сотқа шағым түсірген.

 

Сот шешімі

 

АҚШ-тың федералды соты Ұлттық қауіпсіздік министрлігінің шетелдік мамандарға виза беру тәртібіне қатысты жаңа ережелерін уақытша тоқтатты. Округтік судья Деннис Сэйлор бұл шешімді жаңа нормалар күшіне енуіне бір күн қалғанда шығарған.

 

Деннис Сэйлор жаңа ережелер билік тарапынан теріс пайдаланылуы мүмкін деген пікірде.

 

Судьяның сөзінше, үкіметті сынайтын шетелдік журналистердің визасын ұзартпай қою қаупі айқын. Бұл жағдай билікке визаны ұзарту мәселесін қысым құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік беруі мүмкін.

Поделиться

Нет комментариев.

15/09/2026 10:02
0

Уведомление