АҚШ-тың 18 штатында төтенше жағдай жарияланды
АҚШ-та қуатты қысқы дауылға байланысты 18 төтенше жағдай режимі жарияланды.
Вашингтон да қатер аймағында
ABC News хабарлауынша, қолайсыз ауа райына байланысты Алабама, Арканзас, Делавэр, Джорджия, Канзас, Кентукки, Луизиана, Мэриленд, Миссисипи, Миссури, Нью-Джерси, Нью-Йорк, Солтүстік Каролина, Пенсильвания, Оңтүстік Каролина, Теннесси, Техас және Вирджиния штаттарында және Вашингтон қаласында төтенше жағдай режимі жарияланды.
Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты көп қызметкерлер қашықтан жұмыс істеуге көшірілген. Тұрғындарға жолға шықпау, мүмкіндігінше үйлерінде болғаны дұрыс деген ескерту жіберілді.
Жарықсыз қалу қаупі
Әуе компаниялары да жолаушы тасымалын уақытша тоқтатуға мәжбүр. Associated Press агенттігінің дерегіне сәйкес, демалыс күндеріне жоспарланған 8 мыңнан астам рейс тоқтатылған. Дауыл салдарынан электр энергиясы жаппай өшіп, тасжолдарда қозғалыс қиындауы мүмкін деп болжанып отыр. Мұз басқан электр желілері дауыл басылғаннан кейін де үзіліп кетуі мүмкін. Кейбір өңірлерде желдің әсерінен ауа температурасы –40 градусқа дейін төмендеген.
20:34
14
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.