АҚШ трансгендерлерге әскерде қызмет етуге рұқсат берді

Байден Дональд Трамптың тыйымын алып тастады


26/01/2021
11:30 46731 0

АҚШ президенті Джо Байден. Фото: dw.com

 

25 қаңтарда АҚШ-тың жаңа президенті Джо Байден бұрынғы президент Дональд Трамптың трансгендерлердің әскерде қызмет етуіне тыйым салған жарлығын алып тастады. Мұны Reuters хабарлады. 

 

— Адамның гендерлік болмысы оның әскерде қызмет етуге бөгет болмауға тиіс, — деген Байден өз мәлімдемесінде. 

 

АҚШ трансгендерлері қарулы күштерде қызмет етуге 2016 жылы рұқсат алған еді. 2019 жылы Трамп әскерге трансгендерлерді қабылдауды тоқтатсын деп бұйырды.

Байден бұрын да Трамп бұйрықтарының күшін жойған еді: 20 қаңтарда өткен инаугурациядан кейін бірнеше сағат ішінде ДДСҰ-ден шығу процесін тоқтатып, Париж келісіміне қайта қосылу туралы жарлыққа қол қойды.

Ал Қазақстанда трансгендерлер мен гейлер әскерге бара ала ма? Осы сұраққа біз жауап бердік

Поделиться

Нет комментариев.

26/01/2021 11:30
46731 0

Уведомление