Популярные тэги

Apple жуырда MacBook-тің арзан нұсқасы мен iPhone 17e-ні таныстырады

Apple 4 наурызда өтетін іс-шарада бірқатар жаңа құрылғыларды таныстырмақ.


17/02/2026
09:07 25 0

Bloomberg агенттігінің мәліметінше, қалың көпшілікке таныстырылатын жаңа өнімдер арасында MacBook ноутбугының арзан нұсқасы да бар.

«Apple Inc. 4 наурызда жаңа өнімдердің тұсаукесері болатынын жариялады және компания алдағы апталарда бірнеше жаңа құрылғыларды жариялауды жоспарлап отыр», - деп жазады агенттік Apple жіберген шақыруға сілтеме жасап.

Компания нақты не ұсынатынын жарияламаған. Дей тұрғанмен, агенттік Apple бірнеше жаңа құрылғыны, соның ішінде MacBook Pro ноутбуктары, және MacBook-тың арзан нұсқасы – MacBook Air,  сондай-ақ iPad планшеттерінің жаңа модельдері дайындалғанын атап өтті. Компания сонымен қатар iPhone 17e смартфонын таныстыруды жоспарлап отыр.

 

Apple веб-сайтында ресми түрде ұсынылған ноутбук модельдерінің ішіндегі ең арзаны –  дисплей диагоналі 13 дюймді құрайтын MacBook Air 2025, оның құны 999 доллардан басталады.

Поделиться

Нет комментариев.

17/02/2026 09:07
25 0

Уведомление