Алматыда Әсия Төлесоваға қатысты соттың соңғы отырысы басталды
Соттың қорытындысы бүгін шығуы тиіс

Фото дереккөзі: Настоящее время
10 тамызда Алматыда Әсия Төлесоваға қатысты соттың қорытынды отырысы басталды. Ол екі бап бойынша сотталып жатыр: билік өкілін қорлау (ҚР ҚК 378-бабы) және билік өкіліне күш қолдану (ҚР ҚК 380-бабы). Белсенді үш жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін.
Сот онлайн өтіп жатыр. Оның отырыстары 3–6 тамызда өтті. Төлесова 8 маусымнан бері қамауда отыр. Іс бойынша, одан алты полицей жәбір көрген.

Нет комментариев.