«17,2 млн доллар мен 11 қымбат көлік алынды». Мәсімов ісінің алғашқы деректері
Кәрім Мәсімовтың ісіне байланысты деректер жарияланды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Кәрім Мәсімов ісіне байланысты алғашқы деректерді жариялады.
— 2022 жылғы қаңтарда Мәсімовті ұстағаннан кейін осы тұрғын үйде 17,2 млн. АҚШ доллары мөлшерінде қолма-қол ақша, сондай-ақ көптеген құнды заттар – элиталық сағаттар, алтын кесектері, антиквариат және басқалары алынды. Бұдан басқа, бизнес санаттағы 11 қымбат автомашина алынды. Мүліктеріне – Нұр-Сұлтан қ. екі элиталық пәтер, Алматы қ. 2 пәтер мен дербес сарай, сондай-ақ Щучье-Бурабай шипажайы аймағы көлінің жағасындағы аумағы 1 га жер теліміне тыйым салынды. Мәсімовтің жақын байланыстарынан 5,1 млн. АҚШ доллары алынып, оған тыйым салынды, — делінген ҰҚК таратқан мәлімдемеде.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов қаңтар оқиғасынан кейін ұсталған. Оған «мемлекетке опасыздық жасау», «лауазымын асыра пайдалану» айыбы тағылған.

Нет комментариев.