Қытайда жолаушыларға арналған алғашқы электр ұшағы сынақтан өтті
Ұшақ негізінен қалалар арасындағы бағыттарда қатынауға арналған. Оның ұшып көтерілу кезіндегі ең жоғары салмағы 10 тоннаға жетеді. Әуе кемесі 19 жолаушыға шақталған.
Қытайдың CE-25A электр ұшағы алғаш рет экипажбен әуеге көтерілді. Бұл туралы Қытайдың коммерциялық ұшақтар корпорациясы (COMAC) мәлімдеді.
Компанияның мәліметінше, ұшақтың барлық жабдығы мен борттық жүйелері қалыпты жұмыс істеген. Оның негізгі техникалық көрсеткіштері әзірлеушілер күткен деңгейге сай болған.
CE-25A – COMAC компаниясы жасаған алғашқы коммерциялық электр ұшағы. Ол негізінен қалалар арасындағы әуе қатынасына арналған және 19 жолаушыны тасымалдай алады. Ұшақтың крейсерлік жылдамдығы сағатына 300 шақырымға жетеді. Осы режимде 2400 метр биіктікте ұша алады. Қанат қағатын қашықтығы – 400 шақырым. Ал ұшып көтерілу кезіндегі ең жоғары салмағы – 10 тонна.
Ұшқыштар қатысқан сынаққа дейін әуе кемесі экипажсыз тексерілді. CE-25A алғаш рет 2026 жылғы 2 ақпанда өздігінен ұшқан. Одан кейін автономды режимде тағы 19 сынақ рейсін орындады. Бұл жолғы сынақ ұшақты ұшқыштар басқарған кездегі жұмысын бағалауға мүмкіндік берді. Осылайша, мамандар әуе кемесін сынаудың келесі кезеңіне көшті.
Электр ұшағын жасауға Қытайдың бірнеше ұйымы қатысқан. Олардың қатарында COMAC компаниясымен бірге аккумулятор өндіруші CATL, Шанхай Цзяотун университеті және өзге де серіктестер бар.
10:01
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.