Популярные тэги

Қазақстанның Украинадағы елшісі ауысты

Тоқаев Украинадағы қазақ елшісін ауыстырды


17/04/2025
15:08 521 0

Сурет ашық дереккөздерінен

 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды", - делінген Ақорданың ресми телеграм арнасында. 

Дархан Кәлетаев бұл қызметке 2020 жылы ақпан айында тағайындалды. Оның тұсында Украина жерінде соғыс басталды. Сол елдегі қазақстандықтарды эвакуциялау жұмыстары жүргізілді. "Киев қаласында орналасқан елшілік ғимаратында сыртта жүріп жатқан атыс-шабыстың дауысы естіліп жатады" , деген бірде Кәлетаев. 

 

Сондай-ақ, Дархан Кәлетаев елші болған тұста Украинада тұрып жатқан "Бәсе" You-Tube арнасының жетекшісі Айдас Садықов киллерлер қолынан қаза тапты. Оның өліміне қазақстандық әскерилердің қатысы бары айтылды. 

 

Көп ұзамай Ақорда жаңа елшінің кім екенін хабарлады. 

 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Төлежан Тұрсынұлы Барлыбаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды", - делінген ресми хабарламада.

 

 

 Төлежан Барлыбаев бұған дейін Словакия еліндегі Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі болған. Сонымен қатар, ол Сыртқы істер министрлігі мен Президент Әкімшілігінде түрлі жауапты қызметтер атқарған. 

Поделиться

Нет комментариев.

17/04/2025 15:08
521 0

Уведомление