Популярные тэги

Қазақстанда баспа бизнесі ҚҚС-тан босатылады


29/04/2025
20:01 27 0

Сурет ашық дереккөздерінен 

 

Асхат Аймағамбетовтің мәлімдеуінше, отандық кітаптар мен оларды басып шығару қызметтері енді 16% қосылған құн салығынан (ҚҚС) босатылады. Бұл шешім жұмыс тобының отырысында қабылданған. Оның айтуынша, бұл жай ғана салықты алып тастау емес, рухани маңызы зор қадам.

 

Аймағамбетов әлемнің көптеген елдерінде кітаптар салықтан босатылып, баспаларға мемлекет тарапынан субсидия берілетінін еске салды.

 

Оның айтуынша, бүгінгі таңда идеялар мен мағыналар үшін күрес жүріп жатқан уақытта кітапқа жасалған қолдау — елдің рухани тәуелсіздігі мен бәсекеге қабілеттілігіне салынған инвестиция.

Поделиться

Нет комментариев.

29/04/2025 20:01
27 0

Уведомление