Әзірбайжан мен Армения арасында тағы да әскери қақтығыс болды

Тараптар бір-бірін айыптауда


13/09/2022
14:18 28243 0

Әзірбайжан мен Армения арасында тағы да әскери қақтығыс басталды. Бұл жөнінде жергілікті БАҚ хабарлады. 

 

Әскери қақтығыстың қайта басталуына Әзірбайжан Арменияны кінәлап, Ереван армиясы диверсия жасады деп мәлімдеді. Армения керсінше, ресми Бакуды айыптап, Әзірбайжан әскері даулы Таулы Қарабақ аумағынан тысқарыда орналасқан Горис, Джермук қалалары мен Сотк ауылын атқылады деп мәлімдеді. 

 

Армения премьер-министрі Никол Пашинян қақтығыстан 49 сарбаздың көз жұмғанын және Әзірбайжан армиясы жедел жәрдем көлігін атқылағанын айтты. Баку бұны жоққа шығарды. Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев қақтығысқа қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. 

 

Армения Ресей жетекшілік ететін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне шағымданды. Никол Пашинян Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. 

 

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкин тараптарды қақтығысты тоқтатуға шақырды. Баку мен Ереван атысты уақытша тоқтатуға уағдаласты. 

Поделиться

Нет комментариев.

13/09/2022 14:18
28243 0

Уведомление