Әзірбайжан Ирандағы елшілік қызметкерлерін эвакуациялады

Бұған дейін елшілікке шабуыл жасалып, бір адам қаза тапқан


30/01/2023
11:54 16568 0

 

29 қаңтарда ресми Баку Ирандағы елшілік қызметкерлері мен олардың отбасын эвакуациялады. Бұл жөнінде Reuters агенттігі Әзірбайжан сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлады. 

 

27 қаңтарда қарулы ер адам елшіліктің күзет бекетін атқылап, салдарынан күзет қызметінің бастығы көз жұмып, екі күзетші жараланған.

 

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев бұны теракты деп атаған. Иран билігі оқиғаға байланысты тергеу жүргізіп жатыр. 

 

Tasnim агенттігі қарулы ер адам елшілікке екі баласымен бірге кіргенін, оқ атуына отбасылық мәселе түрткі болғанын жазды. 

 

Қазақстан сыртқы істер министрлігі шабуылды айыптап, Әзірбайжан халқы мен қаза тапқан елшілік қызметкерінің отбасына көңіл айтқан. 

Поделиться

Нет комментариев.

30/01/2023 11:54
16568 0

Уведомление