Өзіне Қытайдың бұрынғы вице-премьері тиісті деген теннисші жоғалып кетті

Халықаралық әйелдер теннисі қауымдастығы тәуелсіз зерттеу жүргізілгенін талап етіп отыр


19/11/2021
12:14 33665 0

Фото: championat.com

 

Халықаралық әйелдер теннисі қауымдастығы тиісті деп Қытайдың бұрынғы вице-премьерін айыптаған Қытай теннисшісі Пең Шуай жоғалып кетті дейді

 

35 жастағы Шуай екі апта бұрын Weibo (Twitter-дің Қытайдағы баламасы) әлеуметтік желісінде 2013–2018 жылдары Қытайдың вице-премьері болған Чжан Гаоли секске мәжбүрледі деп пост жазған еді. Әлжелі посты лезде өшіріп тастады, ал спортшы содан бері байланысқа шықпаған. 

 

17 қарашада Қытайдағы CGTN телеарнасы Шуай қауымдастықтың президентіне жазды деген электрон хаттың скринін көрсетті. 

 

Қауымдастық оны шынымен Пең жазғанына күмән келтіреді. Скринге қарасақ, нақты кім жібергені көрінбейді әрі мәтін теріліп жатқанда шығатын меңзер тұрғаны көрініп тұр. 

 

Қауымдастық пен әлемнің бірінші ракеталары Новак Жокович, Наоми Осака сияқты теннисшілер Шуай аман-есен екенін білу үшін тәуелсіз тергеу қажет дейді. 

 

Пең Шуай — жұп теннистен әлемнің бұрынғы бірінші ракетасы, Үлкен шлем турнирінің екі дүркін чемипионы (2013 және 2014 жылдары). 

 

Поделиться

Нет комментариев.

19/11/2021 12:14
33665 0

Уведомление