«Журналистерге жасалған ескерту». Біреулер «Elmedia» редакциясы орналасқан ғимараттың есігін сындырды

Полиция оқиға орнына келді, бірақ қазірдің өзінде мұның қарапайым бұзақылық және балалар еркелігі емес екені, журналистерге бағытталған қатаң ескерту екені түсінікті


14/10/2022
15:04 25577 0

Белгісіз біреулер «Elmedia» редакциясы орналасқан ғимараттың есігін сындырып, ауласына жазба қалдырған. 

 

«Әділ сөз» баспасөз қорғау қорының мәліметінше, 14 қазан таңертең белгісіз біреулер Elmedia редакциясы орналасқан бизнес-орталықтың есігін сындырып, ауласына қызыл бояумен «Elmedia, Kz Nwes» деген жазба қалдырған. 

 

«Elmedia» редакциясының Телеграм арнасында жарияланған видеода кіреберіс есік әйнегінің ортасынан сынғаны, іште тас жатқаны көрінеді. Осы тас арқылы сындырған сияқты деп топшылайды редакция өкілдері.

 

– Полиция оқиға орнына келді, бірақ қазірдің өзінде мұның қарапайым бұзақылық және балалар еркелігі емес екені, журналистерге бағытталған қатаң ескерту екені түсінікті. Мұның шабуыл екені күмәнсіз және оны ақпарат құралдарына жасалған осыған ұқсас өзге шабуылдар қатарында қарау керек, – деп жазды редакция өкілдері.

 

Бұған дейін «Орда.kz» редакторы Гүлнар Бажкеноваға белгісіз біреулер шошқаның басын жіберген. 12 қазанда тәуелсіз журналист, «Не дейді» ютбу арнасының авторы Думан Мұхаммедкәрім «бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзу» бабы бойынша 15 тәулікке қамалған. 

Поделиться

Нет комментариев.

14/10/2022 15:04
25577 0

Уведомление