Журналистердің еңбегі Ішкі істер министрлігінде тергеу жүргізуге себеп болуы мүмкін

ІІМ бас пайдасы үшін заңсыздыққа баратын қызметкерлеріне қатысты тергеу жүргізудің тәртібін көпшілік талқысына ұсынды


22/09/2020
14:56 47511 0

Фото: matritca.kz

 

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі БАҚ материалы бойынша ішкі тергеу жүргізе алуы мүмкін. Informburo.kz ведомство «Ашық норматив-құқық актілері» порталында тиісті бұйрық жобасын жария етті деп хабарлайды.

 

Бұйрық «ҚР ішкі істер органдарында ішкі тергеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы» деп аталады. Онда ішкі тергеу жүргізуге себеп бола алатын бес жайт көрсетілген.

 

Олар:

 

  •  жеке және заңды тұлғалардың қызметкердің әрекет етуі немесе етпеуі туралы және оның лауазымдық өкілетін заңсыз пайдалануы туралы хабарламасы;
  •  ревизия нәтижесі;
  • бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдар;
  • құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың, соттың хабарламасы;
  • заңсыздық және басқа да оқиға фактілері.

 

Құжат жобасында ішкі тергеу жүргізудің мақсаты «ақшамен, тауармен жұмыс істейтін және табыс табу үшін қызмет бабын өзінің немесе үшінші тұлғаның мүддесіне пайдаланатын сала қызметкерлері іс-әрекетінің себебін, сипаты мен мән-жайын анықтау» екені жазылған. Ішкі тергеу тиісті шешім шығарылғаннан бір айдан кем емес уақытта аяқталуы керек.

 

Бұйрық жобасы 1 қазанға дейін көпшіліктің талқысына ұсынылып отыр.

Поделиться

Нет комментариев.

22/09/2020 14:56
47511 0

Уведомление