ЖИ көмегімен кітап жазған жазушы $1 млн табыс тапты

Корал Харт деген бүркеншік атпен танылған оңтүстікафрикалық жазушы өз туындыларын жазу барысында бір емес, бірнеше нейрожеліні қатар қолданады.


24/10/2026
17:23 0

The Straits Times мәліметінше, оңтүстікафрикалық жазушы 370-тен астам кітап жариялап, 1 миллион доллардан астам (453 млн теңгеден көп) табыс тапқан. Алайда нейрожелілерді пайдаланғаны үшін ол сынға ұшырап, тіпті қоқан-лоқы да алған.

 

Жасанды интеллектке жүгінбей тұрып, Харт баспа саласында 14 жыл жұмыс істеп, ондаған кітапты өзі жазған. Кейін түрлі ЖИ бағдарламаларын зерттеп, мәтін жазуға арналған жеке жүйесін құруға үш ай жұмсаған.

 

Жазушы шын есімін жарияламайды. Оның айтуынша, әлеуметтік желілерде оны алаяқ деп атап, әдебиетке адал қарамайды деп айыптайды. Сондай-ақ өзіне ондаған мың қорқыту хабарламасы, соның ішінде бірнеше өлім қаупі келгенін мәлімдеген.

 

Харт кітап жазғанда бірнеше нейрожеліні қатар қолданады. Өйткені әрқайсысының өзіндік артықшылығы бар. Мәселен, ChatGPT диалог құруға шебер болғанымен, сипаттамалар жазуда осал. Claude сюжетті жүйелі өрбітіп, оқиға желісінің қисынын сақтауға көмектеседі. Ал Grok эмоциялық әрі ашық көріністерді жазуға қолайлы.

 

Дегенмен жазушы жасанды интеллектке кітапты басынан аяғына дейін жазып беруді ғана тапсырмайды. Әуелі сюжетті ойластырып, стилін анықтайды, кейіпкерлерді сипаттап, тараулардың жоспарын жасайды. Содан кейін нейрожелі оның нұсқаулары бойынша мәтін құрастырады. Дайын мәтіннің оқиға желісі тексеріліп, адам тарапынан редакцияланады.

 

Харттың айтуынша, 2025 жылдан бері жасанды интеллект жасаған мәтіндердің сапасы айтарлықтай жақсарған. Оның бір романы Amazon платформасында ең көп сатылған 100 кітаптың қатарына да енген.

Поделиться

Нет комментариев.

24/10/2026 17:23
0

Уведомление