Популярные тэги

Жағы сынған сарбаз ісі: қызметтік тексеру қорытындысы жарияланды

Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызмет сарбазының денсаулығына зиян келтіру дерегі бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды Masa Media.


19/02/2026
09:57 70 0

Кімдер қызметінен кетті?

 

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскери бөлімдегі жауапты тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беру үшін қызметтік тексеру жүргізілген. Тексеру қорытындысы бойынша басшылық құрамындағы бірқатар лауазымды тұлғалар қызметінен босатылды.

«4 лауазымды тұлға, әскери бөлім командирі, оның тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, батальон командирі және рота командирі атқарып отырған қызметінен босатылды», – деп мәлімдеді ведомство.

Бұдан бөлек, әскери бөлім командирінің орынбасары штаб бастығына, батальон командирінің орынбасарына және оның тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына қызметіне сәйкес еместігі туралы ескерту жарияланған. Бірқатар офицерлер мен сержанттарға қатаң тәртіптік жаза қолданылған.

 

Сержанттың айыпталуы

 

Еске салайық, зардап шеккен сарбаздың туыстарының айтуынша, оны сержант темір затпен ұрып, жағын сындырған. Алайда күдікке ілінген сержант бұл айыптауды жоққа шығарып, жарақат төбелес салдарынан болғанын алға тартты. Қарулы Күштер әскери полициясының бас басқармасы әскери қызметшіге қатысты күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Поделиться

Нет комментариев.

19/02/2026 09:57
70 0

Уведомление