Жаппай тәртіпсіздікке шақырғандар қатаң жазаланатын болады

Қаңтар оқиғасына қатысушылар негізінен осы баптар бойынша сотталған еді


09/03/2023
15:22 20335 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов заң күшейтіліп, мұндай қылмыстар үшін мерзімінен босату мүмкіндігі алынып тасталатынын айтты.

 

– Жаппай тәртіпсіздікке, оның ішінде телекоммуникациялық желіні қолданып, қылмыстық топпен бұзақалық жасауға, кісі өлтіру немесе бандитизмге шақырғандар қатаң жазаланатын болады, – деді ол.

 

Төмендегі баптардың жазасын күшейту қарастырылған: 

 

·      Жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру (ҚК 272-бабының 1-бөлігі) – 3 жылдан 5 жылға дейін, жаппай тәртіпсіздікке қатысу (ҚК 272-бабының 2-бөлігі) – 3 жылдан 7 жылға дейін; 

·      Ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында бұзақылық жасау (ҚК 293-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы) – 5 жылдан 7 жылға дейін; 

·      ҰҚТ құрамында адам өлтіру және бандитизммен айналысу бабы бойынша – мерзімінен бұрын босап шығу қарастырылмайды. 

 

Қаңтар оқиғасынан кейін митингке қатысушылар үстінен негізінен осы баптар бойынша қылмыстық істер қозғалған. 

 

Бұдан бөлек, тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 107 және 106 баптардың жаза қатаңдайды. 

 

Поделиться

Нет комментариев.

09/03/2023 15:22
20335 0

Уведомление