Жапонияда сырқатына байланысты демалыс кезінде новелла жазған шенеунік жұмыстан шеттетілді

Оған мемлекеттік қызмет туралы заңды бұзды деген айып тағылды


25/10/2021
12:15 34326 0

Фото: rg.ru

 

Хирацукада сырқатына байланысты демалыс кезінде әңгіме жазған 28 жастағы шенеунік жұмыстан шеттетілген

 

Жапония заңына сай, мемлекеттік қызметкер басқа жерде жұмыс істей алмайды, бірақ басшылығынан рұқсат алса, жазушылықпен айналыса алады. Аты аталмаған шенеунік ауруына байланысты демалыста шығарма жазарда басшылығына ештеңе айтпаған. 

 

Бір демалыста ол 256 ранобэ — жапон новелласын жариялап, әлеуметтік желіде жарнамалаған. TJ жазушы бұдан 28 мың доллар (10,2 миллион теңге) табыс тапқан дейді

 

Қала билігі мұны аноним хабардан кейін анықтап, шенеунікті алты айға жұмыстан шеттетті. 

 

Қызметкер шығармашылықпен айналысуға рұқсат алу қажет емес, «бос уақытында әңгіме жазатын шенеуніктер толып жатыр» деп жұмыстан кеткен. 

 

Қазақстанда да жоғары лауазымды мемқызметкерлер шығармашылық пен оқытушылықтан басқа жерде істеп, табыс таба алмайды.

 

Поделиться

Нет комментариев.

25/10/2021 12:15
34326 0

Уведомление