Жанболат Мамайдың ісі: Прокуратура Инга Иманбайды қорғаушы мәртебесінен айырды

Инга Иманбайды қоғамдық қорғаушы мәртебесінен айырды


21/07/2022
16:02 29512 0

Алматы прокуратурасы Инга Иманбайды жұбайы Жанболат Мамайдың ісінде қоғамдық қорғаушы мәртебесінен айырды. Бұл жөнінде белсенді facebook парақшасында жазды. 

 

– Сылтаулары: 4 қаңтар күні Жанболатпен бірге митингіге шыққан мен іс бойынша куәгер екенмін-мыс. Иә, заңды күйеуіме қарсы куәлік етуге мәжбүрлемек болғандары рас. Бірақ, мен Жанболатқа қарсы куәлік беруден бас тартқанмын, іс бойынша жақын туысыма куәгер болмау менің заңды құқығым. Енді жарымды заңсыз, жаламен түрмеге қамағандары аздай, өзімді ұрып-соғып қанағадары аздай, менің заңды құқығымды осылай аяқ асты ету керек пе?! Бұл не деген сұмдық?,  деп жазды Инга Иманбай.

 

Ол жазбасында президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай, Алматы полициясы бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов және Адам құқықтары уәкілі Эльвира Әзімованы белгілеп, күйеуі екеуінің құқықтарын бұзбауға үндеген.

 

Тіркелмеген "Демократиялық партия" жетекшісі Жанболат Мамай 26 ақпаннан бері қамауда отыр. Белсендінің жақтастары бұл істердің саяси астары бар деп санайды.

Поделиться

Нет комментариев.

21/07/2022 16:02
29512 0

Уведомление