Жанболат Мамай өзіне қастандық ұйымдастырылып жатқанын мәлімдеді

Бұл кімнің сәлемі деп сұрағанда, олар өзі де қамауда отырған «Дикий Арман» - Арман Жұмагелдиевтен деп жауап берді


02/09/2022
14:14 27343 0

Жарты жылдан бері қамауда отырған оппозициялық саясаткер Жанболат Мамай өзіне қастандық ұйымдастырылып жатқанын мәлімдеді. 

 

Қыркүйектің 2-і күні саясаткердің жұбайы Инга Иманбай Жанболат Мамайдың тергеу изолияторынан жазған мәлімдемесін жариялады. Онда саясаткер өзіне қылмыс әлемінде «Дикий Арман» лақап атымен белгілі Арман Жұмагелдиевтен хабар алғанын жазған. 

 

– Кеше мен өзіме қастандық жасалмақшы болып жатыр деген хабар  алдым. Маған «Мамай өзі  YouTube-те жариялаған бір видео үшін басымен жауап береді»  деп жеткізді. Бұл кімнің сәлемі деп сұрағанда, олар өзі де қамауда отырған «Дикий Арман» - Арман Жұмагелдиевтен деп жауап берді, – делінген жазбада. 

 

Жанболат Мамай өзіне жасалуы мүмкін қастандықтың артында билік тұр деп есептейді. Оның сөзінше, билік қастандық жасап, барлық кінәні Арман Жұмагелдиевке жаба салуы мүмкін. 

 

– Шынымен-ақ, өзімнің бір сөзімде оны сынағаным бар. Менің ойымша, бұл «сәлемнің» артында,  маған қастандық ұйымдастырып жатқан,  арнайы қызметтер тұруы әбден мүмкін. Алтынбек Сәрсенбайұлының өлімі естеріңізде болар?  Намысына тиген сөздер айтты-мыс, ешкімге жәбірі жоқ Үтембаев тапсырыс берген болып шықпап па еді? Бәлкім,  билік маған қастандық жасап, бар кінәні қылмыс әлемінің беделдісіне арта салмақ та шығар. Өзім алған хабарға қатысты менің ойым осындай. Маған қатысты қандай да бір қастандықтың артында, қашан да, арнайы қызметтер мен Қазақстан билігі тұратын болады деп ашық, ресми түрде мәлімдеймін! Түрмеде ешкіммен өзара кикілжіңім жоқ,  ешқашан да жанжалдасқан емеспін, – делінген мәлімдемеде. 

 

 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

02/09/2022 14:14
27343 0

Уведомление