Жамбыл облысындағы жарылыстан тағы бір адам көз жұмды

Жалпы, осы жарылыстан 16 адам қаза тапты


07/09/2021
16:36 38779 0

Фото: tengrinews.kz

 

Тараз ауруханасында Жамбыл облысында 26 тамызда болған жарылыстан зардап шеккен адам көз жұмды. Мұны қорғаныс министрлігі хабарлайды. 

 

 — ​​2021 жылғы 7 қыркүйекте Тараз қаласы ауруханасында 26 тамызда Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қоймасында болған өртті сөндірерде жарақаттанған, №28349 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, 1983 жылы туған капитан Ерлан Рысқұлбекұлы Қырғызәлиев қайтыс болды.

 

Ол оқ-дәрілерді сақтау бөлімінің бастығы болған еді,дейді министрліктегілер.  

 

Бұл жарылыстан жалпы 16 адам көз жұмды. 

 

26 тамызда Жамбыл облысында әскери бөлімде оқ-дәрі қоймасы жарылды. Сол маңдағы ауылдардың тұрғындары Тараздағы мектептерге көшірілді. Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамыз ұлт болып аза тұту күні деп жариялады. Кейін қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетті.

Поделиться

Нет комментариев.

07/09/2021 16:36
38779 0

Уведомление