Жамбыл облысында сарбаз өліміне қатысты күдікті ұсталды

Бекбол Мираштың өліміне қатысты күдікті қамауға алынды


02/09/2022
13:39 27162 0

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 18 жастағы сарбаз Бекбол Мираштың өліміне қатысты ҚР Қылмыстың Кодексінің 451 бабының 2 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті тергеу изоляторына қамалған. Істі ІІМ Тараз қаласында орналасқан Оңтүстік әскери-тергеу бөлімі қарауда. 

 

Әскери борышын өтеп жүрген Бекбол Минаш 19 тамыз күні белбеуіне асылып қайтыс болған. Сарбаздың туыстары оның өз өзіне қол жұмсағанына сенбеген. 

 

Бұл соңғы бір айда әскерде болған үшінші өлім. 25 тамызда Алматыда 21 жастағы сарбаз Абылай Сабыров жұмбақ жағдайда қайтыс болған. Ресми дерек бойынша, ол 22 тамыз күні өз өзін Макаров тапаншасымен атып тастаған. 17 тамызда Атырау облысында қатардағы жауынгер Нұрбебек Ерғалиев «жүрегі тоқтап» көз жұмған. Ресми дерек бойынша, сарбаздың жүрегі күннің ыстығы салдарынан тоқтап қалған. 

Поделиться

Нет комментариев.

02/09/2022 13:39
27162 0

Уведомление